Қазіргі заманғы химиялық өндіріс дегеніміз – машина жəне қондырғылардың күрделі кешені. Оған: физика-химиялық жəне химиялық үрдістерге арналған химия өндірісінің аппараттары жəне машиналары; сұйықтық жəне газдарды сақтауға арналған сыйым- дылық қондырғылары; құбырлар; сұйықтық жəне газдарды тасымалдауға арналған көліктер; қатты заттарды тасымалдауға арналған көліктер; төгілетін өнімдерді ыдыстарға салу жəне өлшеп орауға арналған қондырғылар; КИП жəне автоматика; электро- қондырғылары жатады.

Химиялық комбинатта технологиялық процесті жүзеге асыру үшін негізінен олардың технологиялық мақсаттарымен, реакциялық заттардың жиынтық күйі мен процестің қалай жүзеге асырылатынын анықтайтын алуан түрлі құрылғылардың аппараттары мен машиналары қолданылады. Ол сондай-ақ технологиялық параметр- лерге (қысым жəне температура), тұнбалардың жəне шөгінділердің болуы, өңделетін ортаның коррозиялық қасиеттері мен құрылымдық материалдардың қасиеттеріне байланысты.

Химиялық технологиялардың əртүрлі əдістеріне қарамастан, əртүрлі химиялық өнімдер алу процесі бірдей физикалық үдерістерді (жылу, салқындату, араластыру, сүзу, кептіру, ұнтақтау жəне т.б.) жүргізумен байланысты. Заттардың өзара əрекеттесуі көбінесе булану, еріту жəне заттардың бір фазадан екіншісіне өтуіне (массалық алмасу) жəне жаңа химиялық өнімдердің пайда болуына байланысты басқа процесстермен бірге жүреді. Осы үрдістер ішіндегі көбісі барлық дерлік химиялық кəсіпорындарға жалпы болып табылады. Қазіргі заманғы химиялық-технологиялық процесстердің аппараттық құрылымы əртүрлі болса да, химиялық технологияның түрлі салаларында сол мақсаттар үшін көптеген жағдайларда ұқсас құрылғылар пайдаланылады. Бұл кітаптың мақсаты - химиялық технологияның гидромеханикалық, жылу жəне массаалмасу процестерінің негіздері туралы материалдарды ұсыну, осы процестердің жалпы заңдылықтарын, тиісті жабдықтың қолданыстағы конструкцияларын жəне оны жобалау принциптерін өндіріс, дизайн, жобалау жəне зерттеу міндеттерін шешу үшін қажетті дəрежеде таныстыру болып табылады.